Екое еибоф деген не айтындаршы​

Innochka098 Innochka098    2   22.10.2020 10:20    0

Ответы
8Евген8 8Евген8  21.11.2020 10:22

Ең Кіші Ортақ Еселік, екі не бірнеше натурал санның әрқайсысына бөлінетін ең кіші оң сан. Мысалы 30,18,15 сандарының Ең кіші ортақ еселігі 90 болады. Ең кіші ортақ еселігі бөлшектерді қосу және алу кездерінде пайдаланылады. Бұл ретте екі не бірнеше бөлшектің ең кіші ортақ бөлімі ең кіші ортақ еселігі болып саналады.

Ең үлкен ортақ бөлгіш, екі не бірнеше натурал санның – берілген сандардың әрқайсысы бөлінетін үлкен сан. Мысалы, 27 және 63 сандарының Ең үлкен ортақ бөлгіші 9 болса, 12, 32 және 60 сандарының Ең үлкен ортақ бөлгіші 4 болады. Ең үлкен ортақ бөлгіш бөлшектерді қысқарту кезінде пайдаланылады. Бұл ретте бөлшектің алымы да, бөлімі де қысқаратын ең үлкен сан Ең үлкен ортақ бөлгіш болып саналады.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Математика