Арманның АҚШ-та тұратын достары дүкеннен телескоп көрді. Олар егер ай сайын 8 доллардан жинап отырса, бір жылдан кейін телескоп алуға болатынын анықтады. Дүкенде оларға тауардың құнын бөліп төлеуді ұсынды. Егер олар 18 ай бойы ай сайын 9 доллардан төлеп отыруға келіссе, телескопты бірден алып кетуге болады. Телескоптың бағасы қанша? Құнын бөліп төлейтін болса, телескоптың құны қанша болады?