9. 1) Әлия әр бөлігінің пішімі сектор болатын бәлішті тең бөліктерге
бөлді. Оны 10 рет кесті (113.1-сурет). Әлияда қанша бөлік шықты?
2) Әлия дөңгелек бәлішті әр кескен сайын бір шетінен екінші
шетіне центр арқылы өтетіндей етіп кесіп отырды (113.2-сурет).
Егер бәліш бес рет кесілсе, қанша бөлік шығады?