№3. а) Оқушы функциялардың бірінің графигін салғанда қате жіберді. Қай суретте қате бар?
б) y = 0,5x функциясының графигін салыңыз. Ол үшін х-ке кез келген бір мән беріп у-тің сәйкес мәнін тауып, координаталар жүйесіне белгілеңіз. Осы нүкте мен координаталар басы арқылы түзу жүргізіңіз. Осы түзу y = 0,5x функциясының графигі болады.