1331. Ыдыстағы қыздырылған судың t°С температурасының оны қыздыру t (мин) уақытына тәуелділігі 13-кестемен берілген. 13-кесте t (мин) 0 1 2 3 4 5 6 7 8 tC 18 45 62 75 84 92 97 99 100 Кестені пайдаланып, қыздырылған судың t°С температурасының оны қыздыру t (мин) уақытына тәуелділігінің графигін салыңдар. График бойынша мына сұрақтарға жауап беріңдер: 1) Алғашқы 3 минутта судың температурасы неше градусқа өзгерді? 2) Неше минут қыздырған соң судың температурасы 100 C° болды?