1-тапсырма. Өлеңнен үзінді тыңдаңдар.
(42-аудио). Өлеңде қандай жаңа сөздер мен сөз
тіркестері кездесті? Дәптерлеріңе жазыңдар.
Оюлар
Түрін-ай текеметтің! Асыл қандай!
Үңілдім үнсіз ғана басымды алмай.
«Келе ғой, қошақаным, өзіме!» - деп,
Әжем кеп сипағандай шашымнан жай.
Күйімді кешсеңдер-ау сол беттегі,
Тұрғандай ана көңіл тербеп мені.
Жан бітіп жайраңдады жан-жағымнан
Қазақтың қошқармүйіз өрнектері.
Аңсаумен күнім өтті қанша менің,
Желбауда, басқұрда ма аңсау емім.
Әжемнің көзіндей бұл оюларды
Таба алмай дала кезіп шаршап едім.
Елестеп көз алдымда сән шақтарым,
Келгенде құлағыма аңсатқан үн.
Түрінен текеметтің көріп тұрмын,
Әжемнің тарамысты саусақтарын

АндрейZAV АндрейZAV    1   04.05.2020 16:20    11

Другие вопросы по теме Математика