ответ:Жауын-шашын өте аз түсетін климат жағдайында қалыптасатын ландшафтың яғни жердің кедір-бұдырының бір түрі. Шөлде түсетін жауын-шашын мөлшерінен булану шамасы 7 – 30 есе артық болады. Шөл топырағы және грунтына қарай: ертедегі аллювийлік жазықтың борпылдақ жыныс қабаттары үстінде қалыптасқан құмды Шөл гипстелген құрылымды үстірт пен тау алды жазығындағы малтатасты және құмды-малтатасты Шөл; үстірттегі және тау алды жазығындағы гипстелген қиыршық тасты Шөл; аласа таулар және ұсақ шоқылардағы тастақты Шөл; жамылғысы сәл карбонатты саздақты жердегі саздақты Шөл; тау етегі жазығындағы ллссті Шөл; тау алды жазығы мен өзендердің ескі атырауларындағы саздақты тақыр Шөл; тұзды мергелдік және сазды аласа таулы өңірдегі саздақты-шөладырлы Шөл; тұзды құмтөбелер және теңіз жағалауындағы сортаң Шөл болып бөлінеді. Құрлықтың ішкі бөлігінде орналасу жағдайына қарай құрлықтық (Гоби, Такла-Макан, т.б.) және құрлықтардың батыс жағалауларында орналасқан жағалаулық (Атакама, Намиб, т.б.) Шөлдерге бөлінеді. Геогр. орнына қарай тропиктік, субтропиктік, қоңыржай белдеу және Арктика мен Антарктида (арктиктик Шөл немесе мұз Шөлі) Шөлдері болып бөлінеді; тауларда Шөл (суық биіктаулық Шөл) биіктік ландшафт белдеуін құрайды. Негізінен Шөлдердегі бұлтсыз ашық күндер саны 197 – 295 шамасында. Жазы ыстық. Қоңыржай белдеулік Шөлде шілденің орташа температурасы 22 – 32С; ең жоғары температурасы 50С; тропиктік және субтропиктік белдеулер Шөлдерінде 30 – 38С. Солттүстік Америкадағы Ажал аңғарында ауа температурасы 56,7 С-қа дейін көтеріледі. Шөлдегі топырақ беті кейде 90 С-қа дейін қызады. Жылдық жауын-шашын мөлшісі 175 – 200 мм; Такла-Макан Шөліндегі орташа мөлшісі 9 мм шамасында. Судың булануы, жерге сіңу шығыны көп болғандықтан, Шөлден өтетін кейбір өзендер сағасына жетпей тартылып қалады.

Объяснение: