Лупа деген не? Кім біледі​

РумакСтепан РумакСтепан    2   22.12.2020 18:52    0

Ответы
dilnaz116 dilnaz116  21.01.2021 18:52

Лупа ( фр. loupe ,орыс. измерительная лупа ) — көзге нашар көрінетін ұсақ нысандарды (объектілерді) бақылауға арналған оптикалық аспап. Бақыланатын нәрсе ОО1 (1-сурет) Лупаның f фокустық қашықтығынан (FF —фокаль жазықтығы) аз ғана кішірек қашықтыққа орналастырылады. Осының нәтижесінде Лупа нәрсенің тура, үлкейген және жорамал ОО1 кескінін береді. ОО1 кескіннен шыққан сәуленің көзге түсу бұрышы () нәрсенің өзінен шыққан сәуленің түсу бұрышынан ( бұрышы) үлкен болады: Лупаның үлкейту әсері осымен түсіндіріледі. Лупаның үлкейтуі (Г) деп  бұрышының нәрсе Лупасыз ең жақсы көрінетін D=250 мм қашықтықтан көріну бұрышына () қатынасын айтады. Лупаның үлкейтуі оның фокустық қашықтығымен Г=250/f қатынасы арқылы байланысқан; Лупаның құралымына байланысты Г-ның мәні 2-ден 40 — 50-ге дейінгі аралықта жатады. Қарапайым Лупалар жинағыш жазық-дөңес линза болып табылады; әдетте олардың үлкейтуі аз (2 — 3) болады. Орташа үлкейту (4 — 10) кезінде екі және үш линзалы жүйелер қолданылады (2-сурет). Аз және орташа үлкейтетін Лупаларда кескіннің көріну бұрышы () 15 — 20Ә-тан аспайды. Үлкейтуі үлкен Лупаның көріну бұрышы 80 — 100Ә-қа дейін жетеді. Мұндай Лупаның кемшілігі: нәрседен Лупаға дейінгі қашықтықтың тым аз болуынан жарықталынудың қиындайтындығы және бірқатар қолайсыздықтың туындайтындығы. Мұндай кемшілік алыстағы нысанды (Г=2,5), сондай-ақ, жақындағы нысанды (Г=6) бақылауға қолданылатын телелупаларда жойылған. Сонымен қатар, призматикалық линзалармен бинокльдер үйлестіріліп жасалған, аздап қана үлкейтетін бинокулярлық (стереоскоптық) Лупалар да қолданылады.[1][2]

Объяснение:

осыго

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Lizka22855 Lizka22855  21.01.2021 18:52

Лупа-жақын орналасқан заттарды үлкейтіп көру үшін арналған қарапайым микроскоп.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Литература