ответ:Құр (лат. Tetrao tetrix) — тауықтәрізділер отрядына жататын орман құсы.
Қазақстанда Жайық өзенінен Ертіс өзеніне дейінгі орманды аймақтарда мекендейді. Алтай, Тянь-Шань, Жетісу (Жоңғар) Алатауларында да кездеседі. Қалба Алтайында, көбінесе Марқакөлде итмұрын, бұта арасында тіршілік етеді. Дене тұрқы 53 — 57 см, салмағы 1,2 — 1,8 кг. Қоразы ірі, түсі қара, қанатынан қиғаш орналасқан ақ жолақ айқын байқалады. Құйрығының қауырсыны сыртына қарай қайырылып орналасады. Мекиені қара шұбар келеді. Құр — отырықшы құс. Құр полигамды, бұтаның, ағаштың түбінен шұңқыр қазып, ұясын жерге салады, оған ағаш бұтағын, жапырақ, кейде мүк және қауырсын төсейді. Аналығы 4 — 12 жұмыртқа салады. 23 — 25 күнде балапан шығарады. Негізгі қорегі — өсімдіктер. Балапандары алғашқы аптада қоңыздармен, дернәсілдер және жұлдыз құрттармен, құмырсқалармен, қандалалармен, өрмекшілермен, масалармен, шыбындармен қоректенеді.

Объяснение: