Биздин ауыл конилди эссе жазамыз помагите

Dudosikgsgss Dudosikgsgss    3   08.10.2020 03:00    0

Ответы
знание333333 знание333333  08.10.2020 06:01

ӨЗІҢІЗНІҢ АУЫЛЫҢ ЖАЙЛЫ МӘЛІМЕТ ЖАЗАСЫҢ

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
РоманРазумный РоманРазумный  08.10.2020 06:01

Ауыл деген әр бала үшін ерекше ыстық болар. Бар балалығымыз ауылымызда өтті емес пе? Ойын-сауық, қымыз-қымыран, қауын-қарбыз... Ауыл дәруменге бай. Өзен, бау-бақша, жеміс-жидек... Құрбы-құрдас, дос-жаран, туған туыс, ата-әже... Ауыл осы аяулы есімдер мен сөздерді өзіне қамтып тұрғандай. Ауыл дегенде айтылар әңгіме бөлек. Бала күнімізден жаз келсе болды, ауылға асығамыз да тұрамыз. Ондағы адамдар өте қонақжай. Бара қалсаң, бәрі мәз-мейрам болып, сені күтіп алады. Ауылдағы достарым да жаз келсе, бізді асыға күтетін. Әлі күнге дейін ауылға бара қалсам, алдымен достарымды іздеймін. Оларға деген махаббатым шексіз.

Ауылдың бәрінен де табиғаты ұнайды. Көктің иісі сіңген таза ауа мені бір керемет күйге бөлейді. Үйлердің баулары бау емес, орман-тоғайдай. Жемістері қашан көрсең самсап пісіп, жерге домалайды да жатады. Оларға ешкім су құймаса да, арықтан келген судан құмарлана ішіп, жеміс беруін тоқтатпайды. Көкөністер де молынан піседі. Тіпті үйге арнайы азық-түлік алып келудің еш қажеті жоқ па деймін. Ауылдағы үйден құрт, май, ірімшік, айран, сүт үзілген емес. Үйдегі жеңгемнің пісірген ыстық нанын бір жесең қара кешке дейін тоқ жүресің. Ауылға бір бара қалсам анамның айтуынша үйге домаланып келемін.

Менің ауылыма еш жер жетпейді.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Литература