Орал (орыс. Уральск) — қала (1775 жылдан), Батыс Қазақстан облысының орталығы (1932 жылдан), ірі темір жол станциясы, Жайық бойындағы өзен порты, әуе жолдарының торабы. Қала Жайық өзенінің жағасында, Шағанның Жайыққа құяр тұсында орналасқан.Тұрғыны 233 904 адам (2019). Қалалық мәслихатқа қарайтын жерінің аумағы 0,7 мың км². Қалаға ірілі-ұсақты 16 елді мекен қарайды, ал жалпы халық саны 306 549 адам [6](2018) Бүгінгі күні Орал қаласы – Қазақстандағы ірі мәдени-эконономикалық орталықтардың бірі. Қаладағы ірі кәсіпорындар: “Зенит” зауыты, “Омега”, “Металлист”, Орал механикалық зауыты, Орал арматура зауыты, Орал полипласт зауыты өндірістік кәсіпорны, “Аяз” ЖШС және республикалық мемлекеттік “Орал мемлекеттік ауыл шаруашылық стансасы” кәсіпорны. Бұлардан басқа облыстық дәрежедегі нан комбинаты, жылу, жарық, газ кәсіпорындары жұмыс істейді. Қалада 2 мәдениет үйі, 18 кітапхана, Киров саябағы, 3 музей, 2 театр, филармония, көрме залы, 46 мектеп, 3 жоғары оқу орны мен 3 бөлімше бар (2000). Сондай-ақ, 35 қазыналық емдеу мекемесі жұмыс істейді. Оралда Батыс Қазақстан темір жол жүк тасымалының Орал бөлімшесі орналасқан. Қала Жайық бойындағы ірі өзен айлағы саналады. 18 ғасырда салынған сәулет ескерткіштері сақталған.

Объяснение лайк