Тапсырма №1 Сұрақтарға жауап жазыңыздар. Қышқылдық оксидтерге мысалдар келтір?
Күкірт қышқылының формуласы қалай жазылады және тұздары қалай аталады?
Сілтілер дегеніміз не?
Тұздар дегеніміз не және олар қалай жіктеледі?
Егер 110 элемент белгілі болса, соның қаншасы металл, қаншасы бейметалл?
Ауаның құрамында қай газлардан тұрады?
Тест.
1.Металл таңбасын көрсетіңіз: а)Na ә)C б)F в)H
Күкірттің жоғары валентті оксиді құрамындағы атомдар саны қанша?
а) 2 ә) 3 б) 4 в)5
Электрондарын оңай беретін элементтер:
а) II топтың негізгі топшасында орналасқан элементтер
ә) VII топтың негізгі топшасында орналасқан элементтер
б) I топтың негізгі топшасында орналасқан элементтер.
в) V топтың негізгі топшасында орналасқан элементтер
Орта тұзды анықта:
а) барий хлориді ә) натрий гидросульфаты б) магний гидроксохлориді
в)натрий дигидро ортофосфаты
Металдардың сутекпен қосылысы —
А) оксидтер деп аталады ә) хлоридтер деп аталады б) гидраттар деп аталады
в) гидридтер деп аталады
Элементтің реттік нөмері нені анықтауға болады?
А) Элементтің валенттігін ә) Элементтің изотоптар санын б) ядро зарядын
В) элементтің электртерістігін
Күкіртсутек қышқылының формуласы:
А) H2SO3 ә) H2SO4 б) H2S в) SiH4
Бинарлы қосылысты көрсет:
А) H3PO4 ә) CO2 б) NH4OH в) O2
Изотоптар дегеніміз не?
а) ядро зарядтары бірдей, атом массалары әр түрлі атомдар түрі
ә) атом массалары бірдей, ядро зарядтары әр түрлі атомдар түрі
б) бір валетті элеметтер
в) агрегаттық күй газ күйінде болатын химиялық элементтер
Амфотерлі оксид түзетін элемент:
А) Ca ә) Al б) K в) Br
3-жаттығу.
Мына заттардың ерітіндіде диссоцияциялануының теңдеулерін жазыңдар:
А) натрий сульфаты; ә) бромсутек қышқылы; б) азот қышқылы;
в) барий гидроксиді г) мырыш нитраты; ғ) калий гидрофосфаты.
Массасы 8 г газ (қ.ж.) 5,6 л көлем алады. Газдың молярлық массасын тап (Ж.32)
3,5 моль көміртегі (ІV) оксидінің массасын тап (Ж:154 г)
75 г азот (ІІ) оксидінің алатын көлемін есепте (Ж.56 л)