Сынауыққа мырыштың бір түйірін салып, үстіне бірнеше тамшы сұйытылған тұз қышқылын тамызыңдар. Металдардың белсенділік
қатарындағы орнына сәйкес осы металл мен тұз қышқылы арасында
химиялық реакцияның жүруіне болжам жасаңдар. Байқаған
құбылысты түсіндіріңдер. Реакция теңдеуін сөзбен жазыңдар.