Макроэлементтер дегеніміз не?Микроэлементтер дегеніміз не?​

marta894 marta894    1   07.05.2021 09:44    0

Ответы
TeT9l3uHa TeT9l3uHa  07.05.2021 09:50

Микроэлементтер – микроэлементы. Өсімдіктерде өте аз мөлшерде кездесетін, бірақ олардың қалыпты дамуына немесе індетсіз тіршілік етуіне өте қажет элементтер. Олардың мөлшері мыңнан бір, жүзмыңнан бір процент шамасында болады. Микроэлементтерге бор, фтор, марганец, мыс, мырыш, йод, барий, титан, литий, бром, никель, молибден, кобальт және т.б. жатады. Микроэлементтердің көпшілігі организмдегі биохимиялық процестердің қалыпты жүзеге асуына қатысады.

Бор – Бұл элементтің өсімдік тіршілігіндегі физиологиялық маңызы алуан түрлі деуге болады. Ол көптеген ауылшаруашылық өсімдіктердің қалыпты өсіп дамуына қажетті элементтің біріне жатады. Бор жетіспеген жағдайда қант қызылшасының тамыры шіри бастайды, жапырақтары сарғайып кетеді. Бұл элемент дәнді дақылдарға және жалпы дара жарнақтыларға қосжарнақтыларға қарағанда көп қажет емес.

Сонымен қатар, бор микроэлементтердің ішінде физиологиялық маңызы жағынан өте көп зерттелген элементтің бірі болып есептеледі. Қоректік ортада бор жетіспеген жағдайда көмірсулардың синтезі, тасымалдануы, өсімдіктің репродуктивті мүшелерінің дамуы, ұрықтануы жане жеміс түзу қабілеті бұзылыды.

Бор тапшы жағдайда өсімдіктер жапырағында кіші молекулалы көмірсулардың концентрациясы көбиеді және олардың ара қатынастары өзгереді. Клеткалардың осмостық қысымы жоғарылайды.

Бордың жетіспеуінен өсімдіктің пісіп жетілген бөліктерінде аммиактың, сондай- ақ, ерігіш азотты қосындылардың мөлшері көбейіп, оның есесіне белоктар мөлшері азаяды.

Өсімдіктердегі бор тапшылығының белгілері көбінесе карбонат, қоңыр түсті батпақты, сондай – ақ ізбестелген топырақтарда байқалады. Бордың жетіспеуіне әсіресе қант қызылшасы, зығыр, күлді қырық қабат, алма, алмұрт өсімдіктері сезімталдау келеді.

Дәнді дақылдарда бордың тапшылығынан сабақтары жуандап, соңында өсуін тоқтатады. Масақтардың және сіптебастардың пішіндері қисық – қыңыр болып өзгереді.

Объяснение:

❤ не зачто

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Химия