Мәтіндердің формасын, түрін анықта. A мәтіні

Біз текті әулеттің тегі болғанымызды, дүниені дүрілдеткен түрік империясының мұрагері екендігімізді ұмытқанмен, тарих толқыны ұмытпайды. Қазіргі басты нәрсе – осы тектілікті әр жүрекке дендете жеткізуде тұр. Тарих пен заман қашанда бірін-бірі демеп ілгерілейді. Тіл – ұлттың сүйенетін тамыры, сыйынатын тәңірі, түптеп келгенде, адамзат игілігі. Барлап қарасақ, иен даладағы күмбезін күн шалған ғажайып ғимараттар, сән-салтанатқа бөленген сырлы сарайлар, биік тұғыр мәңгі тас ескерткіштер, сырын ішіне бүккен жазбалар қаншама?! Оның бәрі – сайын даланың санатты сәні мен ерлік рухтың куәгерлері емес пе?! Табиғаттың жойқын сынынан мүжілмей өтіп, біздің заманымызға жетіп, бабалар парасаты мен ерлігін паш етіп тұрған жоқ па?! Өнер, мәдениет көшпенділерге жат болмаған. Қайта әлемдік өркениеттің түпқазығы сол көшпенділердің атының тұяғымен, қолының қарымымен, санасының зеректігімен жаратылған. Ендеше, әрбір ұлттың бойтұмары саналатын рухани байлығы халық даналығынан бастау алып өседі, өркендейді, қанаттанады. Оның ең құнды дүниелері халқымыздың ерлік шежіресі де тасқа басылған жазбалар мен батырлық жырлары мәңгілік мұра ретінде ғасырлар бойы жасай береді.

Ә мәтіні

Түркі тілдерінің бір негізден таралғандығын лексикаларының ортақтығы, негізгі фонемаларының ұқсастығы, үндестік заңдарының, жалпы грамматикалық бірліктерінің ерекшеліктері дәлелдейді. Көне түркі жазба тіліндегі сөздердің бүгінде фонетикалық, лексикалық, мағыналық дәлдікпен бізге жеткендігін ескерсек, бұл түркі тілінің, мағынаның феномендігі деп түсінген жөн. Бүгінгі сипатқа жеткенге дейін фонетикалық, морфологиялық өзгеріске түскенімен, мағыналық реңктерінің жойылмауы тілдің ұзақ уақыт түркілерге ортақ қызмет еткендігінде деп ойлаймыз. К.Дыйқановтың: «Байыркы түркі будандары урув-урув болуп ұлыстарга бөлүнгөнменен, алар тіл жагынан оз алдынча улутка болунген емес» деген пікірі жоғарыдағы ойымызға дәлел болып отыр. Түркі тілдерін жіктеуде типологиялық зерттеу әдісі қолданылып, түркі тілдерінің фонетикасы, лексикасы, морфологиясы, синтаксисі жіктелді. Әр тіл деңгейінің зерттеу нысаны, пәні, мәселелері бар екенін, зерделеудің әдіс-тәсілдері бар екенінін болуымен әрқайсысы жеке тіл білімінің саласы екендігін көрсетті. Жіктелу барысында көптеген лингвистикалық, экстралингвистикалық факторлар әсер етті.

А және Ә мәтіні әдеби норма үлгілері қатаң сақталып, жазбаша формада, сипаттау мәтін түрінде берілген.

А және Ә мәтіні әдеби норма еркін сақталып, ауызша формада, әңгімелеу мәтін түрінде берілген.

А және Ә мәтіні әдеби норма үлгілері қатаң сақталып, жазбаша формада, пайымдау мәтін түрінде берілген.

А және Ә мәтіні әдеби норма еркін сақталып, ауызша формада, пайымдау мәтін түрінде берілген.

Артқа

Тексеру

​

awatif768 awatif768    1   15.09.2020 17:54    3

Ответы
Angela8689 Angela8689  15.10.2020 22:00

ответ:А және Ә мәтіні әдеби норма үлгілері қатаң сақталып, жазбаша формада, пайымдау мәтін түрінде берілген.

Объяснение:

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Химия