Біліміңді тексер Қоспа деген не? Әртүрлі агрегаттық күйдегі табиғи қоспаларға
мысалдар келтіріп, оның құрамындағы заттарды ата.
Таза заттар мен қоспаларды бөліп жаз: тіс пастасы, лимон шы-
рыны, парафин, дистилденген су, сынап, болат, қант, топырақ,
күкірт, йод тұндырмасы, мұз.
Біртекті және әртекті қоспаларды бөліп жаз: тұман, топырақ,
газдалған су, түтін, сүт, гранит, қола, бұлақ суы, тіс пас-
тасы, теңіз суы, 583 сынамалы алтын. Әр қоспа үшін заттың
агрегаттық күйін көрсет.
Ғарыш стансысында сүзу арқылы қоспаны бөлуге бола ма?
. Гомогенді немесе гетерогенді ауа деп қандай ауаны айтады?
. Қоспаны бөлудің негізгі әдістерін ата.
. Шаңсорғыштың шаңды ауаны сорып, оны тазартуы қай әдіспен
жүзеге асады?
Ас тұзы мен тіс тазартатын ұнтақты, бензин мен
суды және
спирт пен суды қалай бөлуге болады?