Біліміңді тексер 1. Қоспа деген не? Әртүрлі агрегаттық күйдегі табиғи қоспаларға
мысалдар келтіріп, оның құрамындағы заттарды ата.
2. Таза заттар мен қоспаларды бөліп жаз: тіс пастасы, лимон шы-
рыны, парафин, дистилденген су, сынап, болат, қант, топырақ,
күкірт, йод тұндырмасы, мұз.
3. Біртекті және әртекті қоспаларды бөліп жаз: тұман, топырақ,
газдалған су, түтін, сүт, гранит, қола, бұлақ суы, тіс пас-
тасы, теңіз суы, 583 сынамалы алтын. Әр қоспа үшін заттың
агрегаттық күйін көрсет.
4. Ғарыш стансысында сүзу арқылы қоспаны бөлуге бола ма?
5. Гомогенді немесе гетерогенді ауа деп қандай ауаны айтады?
6. Қоспаны бөлудің негізгі әдістерін ата.
7. Шаңсорғыштың шаңды ауаны сорып, оны тазартуы қай әдіспен
жүзеге асады?
8. Ас тұзы мен тіс тазартатын ұнтақты, бензин мен суды және
спирт пен суды қалай бөлуге болады?
коспа деген еки заттын косындысы ау дим