Авогадро заңы қалай оқылады​

roncray1 roncray1    2   02.12.2020 09:36    6

Ответы
oksakuvp01cde oksakuvp01cde  02.12.2020 09:40

Авогадро заңы — идеал газға қатысты негізгі заңдардың бірі; температурасы (Т) мен қысымы (п) бірдей әр түрлі газдың бірдей көлеміндегі (В) молекулалар саны да бірдей болады. Оны 1811 жылы Италян ғалымы А. Авогадро (1776 — 1856) ашқан. АВОГАДРО ЗАҢЫ бойынша 1 кмоль-ге тең кез келген идеал газ қалыпты жағдайда (р=101325 Па=760 мм сынап бағанасы және Т=0 Ц) 22,4136 м³ көлемді алады. Ал 1 мольдегі молекула саны Авогадро тұрақтысы деп аталады.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Химия