9 сынып №1-ПРАКТИКАЛЫҚ ЖҰМЫС
Ион алмасу реакциялары
1-тәжірибе. Темір (ІІІ) хлоридінің 2-3 мл ерітіндісіне сонша мөл
шерде натрий гидроксидінің ерітіндісін құйыңдар. Не байқадыңдар?
Реакцияның молекулалық және иондық теңдеулерін жазыңдар.
2-тәжірибе. Натрий карбонатының 1-2 мл ерітіндісіне сонша
мөлшерде тұз қышқылының ерітіндісін құйыңдар. Не байқадыңдар?
Реакцияның молекулалық және иондық теңдеулерін жазыңдар.
3-тәжірибе. Сынауыққа 1-2 мл натрий гидроксидін құйып, оған
бірнеше тамшы фенолфталеин тамызыңдар. Ерітіндінің түсі қандай?
Ерітінді түссізденгенше араластыра отырып, күкірт қышқылының
ерітіндісін аз-аздан қосыңдар. Ерітінді неге түссізденді? Түсіндіріңдер.
Реакцияның молекулалық және иондық теңдеулерін жазыңдар.
4-тәжірибе. Үстелде бар реактивтерді пайдаланып, мына заттарды
алыңдар: 1) барий сульфаты; 2) кальций карбонаты; 3) мыс (І) гидроксиді. ​

bazhin789bazowzpsb bazhin789bazowzpsb    2   15.09.2020 15:25    43

Другие вопросы по теме Химия