2. Этан хлордың артық мөлшерімен әрекеттескенде түзілетін барлық өнімдерді жазыңдар.
3. а) Пропан; ә) бутан; б) 2-метилпропан; в) метилпентанды хлорлау кезінде қандай монохлоралкандар (хлор тек бір сутек атомының орнын басқан) түзілуі мүмкін?
4. C5H12 затын хлорлау кезінде C5H11Cl құрамды бір монохлортуынды түзіледі. Бастапқы заттың құрылымдық формуласын жазыңдар және оны атаңдар.
5. Алты көміртек атомынан тұратын алканның хлормен әрекеттесуі нәтижесінде құрамы C6H13Cl болатын бес түрлі хлоралкандар түзіледі. Бастапқы заттың құрылысын анықтаңдар, құрылымдық формуласын жазыңдар.