1.Төртатомды спирт эритритті СН2ОН – СНОН – СНОН – СН2ОН глицерниннің гомологы деуге бола ма? Жауаптарыңды дәлелдеңдер. 2. Мыналардың: а) этиленгликольдің ; ә) глицериннің ең жақын гомологтарының құрылымдық формуласын жазыңдар. 3. Этиленгликоль мен глицериннің : а) сұйықтық ; ә) салыстырмалы жоғары қайнайтынын ; б) суда жақсы еритінін сендер қалай түсіндіресіңдер? 4. 1,2,3 – трихлорпропаннан CH2CI- CHCI- CH2CI глицеринді қалай алуға болады? Реакция теңдеуін жазып, оның жүруіне қажетті жағдайларды атаңдар. 5. 1 моль глицериннен натрий ең көп дегенде неше көлем сутегін ығыстырып шығарады? 6. Глицеринді этил спиртінен қандай химиялық әдіспен ажыратуға болады?

oksiz72 oksiz72    1   16.04.2020 17:26    8

Другие вопросы по теме Химия