1. Сілтімен күйіп қалған кезде терінің күйген жерін алдымен сумен жуады, сонан соң сірке қышқылының 1%-дық ерітіндісімен бейтараптайды. Егер қышқылдың массалық үлесі 60%-ға тең болса, массасы 600г 1%-дық ерітінді дайындау үшін сірке эссенциясының қандай массасы қажет? 2. Аш адамның асқазан сөліндегі тұз қышқылының массалық үлесі орта есеппен 0,05%-ды құрайды. 0,5 л асқазан сөліндегі HCl зат мөлшерін есептеңіз. Асқазан сөлінің тығыздығы 1,005 г/мл. 3. Кальций хлориді медицина тәжірибесінде кеңінен қолданылады. 100 мл 3%-дық кальций хлоридінің ерітіндісін дайындау үшін неше грамм кристалдық CaCl2∙6H2O және су қажет? (ρ=1г/мл) Ерітіндінің молярлық концентрациясы нешеге тең? 4. Жараларды, тыртықтарды және операция орындарын өңдеу үшін йодтың 5-10%-дық ерітіндісі пайдаланылады. 10 г кристаллдық йодтан йодтың 5%-дық спирттік ерітіндісінің қандай көлемін дайындауға болады? Ерітіндінің тығыздығы 0,950 г/мл-ді құрайды.