Жыр алыбы - Жамбыл" тақырыбына эссе жаз. 150 cөз

MokrovaDiana MokrovaDiana    3   24.12.2020 12:49    0

Ответы
Kirill12345qwert Kirill12345qwert  23.01.2021 12:49

Жүзге жеткенше жүрегінен жыр саулаған ұлтымыздың ұлы жырауы ең алдымен ұлтына керек.

Бүгін жыр алыбы - Жамбыл Жабаев өмірге келген күн.

«Қақаған қар аралас соғып боран,

Ел үрей - көк найзалы жау торыған.

Байғара, Жамбыл, Ханда мен туыппын,

Жамбыл деп қойылыпты атым содан» -дейді ақын.Жамбыл жастайынан зерек, өлең жырға құмартып өскен. Тума таланат талай шаршы топта айтысқа түсіп, аты алашқа мәшһүр болған суырып салма, айтыскер ақын.

Сонау Мәскеуге барып, Сталиннің алдында салмақты сөз, саналы ой айтуының өзі оның ақындық қана емес, азаматтық қайраткерлігінің бір қыры ғана болса керек.

«Өлең – жырдың даңғылы», қазақтың Жамбылы – ұлы жырау. Мұхтар Әуезовше айтсақ, «Жамбыл - аса зор құбылыс, ол әрі эпик, әрі айтыс ақыны, әрі азаматтық әуеннің ақыны».

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi