Жуырда бұқаралық ақпарат құралдары Қазақстан халқының саны 18 млн. -ға жуықтағанын және оның 71 пайызының қазақ екенін жазып, сүйіншіледі. Әрине, бұл деңгейге жеткізген шет жұрттан атамекенін аңсап оралған ағайынның үлесі мен бұдан 40-50 жыл бұрынғы алтын құрсақ аналарымыздың алды 12- 14, орташасы 6-8, кемі 4- дүниеге әкелген еңбегі екенін ұмытпағанымыз абзал. Ол кезде «Күміс алқа» иеленген аналардың «Алтын алқа» алғандарға қызыға қарағанын бүгінгі ұрпақ аңыз етіп айтады.Ал 2010 жылдан бері «Алтын алқа» «Күміс алқа» аналарға берілетін болды. Бұл, адамға, өмірдің жалғасы - ұрпаққа деген көзқарастың ғана емес, баланы өмірге әкелу мүмкіндігінің өзгергенін де аңғартар дәлел. Бұған өз кезінде экономикалық, психологиялық, физиологиялық факторлардың да әсер ететіні анық. Отбасындағы бала санының артуына кері ықпал ететін қандай жағдай деп сұрай қалсаңыз, қарапайым халық қаржылық жетіспеушілік пен әлеуметтік мәселелерді көлденең тартады. Оған құндылық атаулының өзгеруін қосатындар да бар. Демографияның алға жылжуына «дертті» кедергі ретінде ажырасудың көптігін мысал ететіндер де жоқ емес. Бұның анық-қанығына көз жеткізуге біздің сөзімізден гөрі, тиісті орындардағы мамандардың демографиялық зерттеулерге сүйенген пікірі дәйектірек болар деп ойлаймыз. a) А мәтіні бойынша. «Баланы өмірге әкелу мүмкіндігінің өзгеруіне не себеп?» деген сұраққа жауап бере отырып, мәтіндегі негізгі ойды анықтаңыз (3-4 сөйлеммен)