Журекти ой толгау керек 20 беремин,билмесениздер

lehmannastyaaovt8b2 lehmannastyaaovt8b2    2   08.08.2019 19:20    0

Ответы
polinaaaaaaaaaiiii polinaaaaaaaaaiiii  04.10.2020 05:42
Күллі адамзат қауымында өткен ақыл-парасат алыптарының ой-кермегін тартып, тіршілік тұңғиықтарын терең толғап ұғынған сайын кемеңгерліктерін ұрпақ тәрбиесіне арнамағандары аз. Сонау көне дүние данышпандары Сократ та, Платон да Аристотель де төрткүл дүниенің тылсым сырларын ата-бабаларымыз Әл Фараби, Әбу Райхан Беруни, Ғаббас Ибн Сейд Әл Жауһари, Жүсіп Баласағұн т.б. мектеп ашып, шымырлай аққан ой құдіретін ұрпақ тәрбиесіне бұрған. Олай болса, ұлы ойшылдардың  қол созған мұраттары  тікелей адам тәрбиесіне астасып жатыр.Тіпті кешегі өткен Декарт Локк, Ян Амос Коменский, Жан-жак Руссо, Лев Толстой да тәрбие саласына ерекше көңіл бөлген. Қазақ баласының өнегелілік қасиетінің қалыптасуына ең әуелі шоқтығы биік болып көрінетін құдіреттің бірі — халық педагогикасы.  Осы тұста қазақ халқының ұрпағына қалдырған аксиомалық ұғымдарды еске түсіреді. «Алып анадан туады» тылсым сыры әлі ашыла қоймаған ұлағатты сөз бар.

Адамдардың мінез-құлығы мен ар-ұжданы негізінен ақыл-парасат және жүрек тәрбиесінен алады екен. Осындай тұжырымды Абай Құнанбаев та құптайды.

Әл Фараби «жақсы мінез-құлық пен ақыл күші болып, екеуі біріккенде ғана адам бақытқа жетіп, адамшылық қасиеттерге ие болмақ», — дейді.
ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi