Жоспар Негізгі/Қосымша ақпарат бөлу Мұғалімдердің алды тысқа шығып та үлгерді. Дымымды ішіме бүгып, теректің діңіне жабысып, қаттым да қалдым. Ахметов пен Майқанова оқшауланып, бермен қарай бұрылды. Екеуі мен тұрған теректін түбінен өтіп бара жатыр.
-Қадыров түбінде а - деді Майқанова.
-Оты бар, - деп қосады Ахметов.
Екеуі былай ұзай беріп, мен жөнінде тағы бірденелерды сөйлесып бара жатты, бірак мен анықтап ести алмадым. Әлгі естігенімнын өзі қолқа-жүрегімді солқ еткізгендей әсер қалдырды. Мен Майқанованы қас дұшпаным санап жүрсем, ол мены түбінде а деп, директорға мақтап бара жатқаны қалай? Ап-айқын, тап осылай деды. Міне, жұмбақ...
Әрине бәріне өзім айыптымын. Осыңын бәрі тәртіпсіздіктін, мінез-құлқымының нашарлығының кесапаты. Әйтпесе ана Темір құсап өзімді-өзім үлгілі ұстап тек жүріп, тек тұрсам, мұндай жағдай болар ма еді? Жоқ, жетеді! Ақымақтық ты енді доғаруым керек!