Жолдың аты жібек саудасына байланысты шыққан. Жібек мата дайындау үшін табиғи жібек талшықтары керек. Табиғи жібек талшықтары тұт жібек көбелегінен алынады. Ересек көбелек жапырақ бетіне жұмыртқалайды. Ол жұмыртқаларды жұлдыз құрт немесе жібек құрты деп атайды. Жұлдыз құрт тек тұт ағашының жапырақтарымен қоректенетін болғандықтан, оны тұт жібек құрты немесе тұт көбелек деп атаған. Жібек халықаралық саудаға шығарылғанымен, оны өндіру жолын Қытай үкіметі өте құпия сақтаған. Жібек жолы Қытай жеріндегі Хуанхэ өзенінің аңғарындағы аудандардан басталады. Ол Ұлы Қытай қорғанының батыс шетінен, Іле өзенімен Ыстықкөлге жетеді. Жол осы арада батысқа және солтүстік-батысқа қарай шығу үшін оңтүстік, солтүстік бағыттар болып тармақталады Ә мәтіні
Сол кездегі сауданың басты тауары Қытайда өндірілетін жібек болған. Сондықтан жол «Жібек жолы» деп аталған. Жібекпен бірге Шығыстан Батысқа, Батыстан Шығысқа – Рим, Франция, Византия, Русь, Иран мен Араб халифатында, Қытай, Корей, Жапонияда өндірілген көптеген тауарлар ағылды. Жібек жолы халықтар арасындағы сауданың ғана емес, Шығыс пен Батыс елдерінің арасындағы халықаралық (дипломатиялық) қарым-қатынастың дамуына да әсерін тигізді. Жібек жолын зерттеудің әрі маңызды, әрі сирек олжасы – Отырардан табылған күміс ақша мен заттар көмбесі. Көмбеде Шығыс Түркістан қалалары – Алмалық, Пулад, Эмильдің (Еміл); еуропалық Қырымның; малайзиялық Сива, Кони, Тебриздің; қазақстандық Жент қалаларының ақшалары жинақталған.
1. Екі мәтінге ортақ және бөлек тақырыпты көрсетіңіз.\Укажите общую и отдельные темы текстов\
Ортақ:
Бөлек: А мәтін- Ә мәтін-