Жолдауда айтылған «Мәңгілік ел» идеясы Орхон-Енисей жазуларынан
бастау алады. Тоныкөк тасындағы жазу да: «Қасиетті елимс иелік еткендігім
үшін ел де ел болды, халық та халық болды» деген сөздер бар. «Мәңгілік ел»»
рінісі Күлтегін
идеясы — арғы бабаларымыздың улы интеллектуалдық серпілісі. К
жазуында (қмәңгі>> сөзі бес рет қолданылып, барлығы тұжырыммен
қорытындыланған.
«Мәңгілік ел» идеясы дүниеге келгеннен кейін Н.Ә. Назарбаев «Қазақ елі»,
«Ұлы дала елі», «Нұрлы жол», «Ұлт жоспары: 100 нақты қадам» тәрізді
стратегиялық, этномемлекеттік ұғым-түсініктерді елдің ішкі-сыртқы саясатына,
теориясы мен практикасына енгізді, Қазақ хандығының 550 жылдығын әлемге
танытты. Қазақ елінің ділінің беріктігін, жүрегінің ашықтығын көрсетті
(Х.Әбжановтан).
ЖАЗЫЛЫМ.
Сұрақтарға жауап жаз.
• «Жолдау» деген — не?
• Жолдаудың негізгі мақсаты қандай?
• Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған жолдаулары туралы не
білесің?
• «Мәңгілік ел»» идеясы туралы не білесің?
ЕСТЕ САҚТА!
«Мәңгілік ел» идеясы Н. Ә. Назарбаевтың 2014 жылы 17 қаңтарда
жариялаған «Қазақстан жолы-2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ»
атты жолдауында айтылды. Жолдауда дамыған 30 елдің қатарына кірудің
жоспары көрсетілді.