Жетісу – сулы аймақ. Су мол болғандықтан, шөбі қалың әрі шүйгін. Сондықтан «жер жаннаты – Жетісу» атанып кеткен. Жетісуда жеті өзен бар деседі. Олар: Лепсі, Басқан,
Сарқан, Ақсу, Бүйен, Қаратал және Көксу. Соның екеуіне тоқталсақ.
Бірі – Лепсі. Лепсі – Жоңғар Алатауынан басталып Балқаш көліне барып құятын өзен.
Балқашқа 5 өзен (Іле, Қаратал, Лепсі, Аягөз, Ақсу) келіп құйса, көлемі жағынан Лепсі
үшінші орында. Бастауы 3 мың биіктікте жатыр. Тау мұздығынан бастау алады. Жер асты
суымен, жауын-шашынмен толығады. Жазықтағы ені 30 метрге дейін, ал тереңдігі 5 метрге
дейін жетеді. Өзеннің ұзындығы 418 шақырым.
Екіншісі Көксу – Балқаш алабына қарайтын, Жоңғар Алатауының Басқан мұздығынан
бастау алып, Қаратал өзеніне келіп құятын Алматы облысындағы өзен. 3 мың биіктіктен
бастау алады. Ескелді, Кербұлақ, Көксу аудандары арқылы ағып өтеді.«Көк» және «су»
сөздерінің бірігуінен атау пайда болған. Суы аспан түстес әрі тұнық болғандықтан, «Көксу»
атанған. Өзеннің ұзындығы – 205 шақырым, су жинау алабы 4670 шаршы шақырым. Тау
бұлақтарынан (Қараарық пен Қазан бастауы) бастау алған өзеннің бастапқы арнасы –
шатқалдың іші, арнасының жағасы тік, биіктігі 2-4 метрге дейін жетеді. Тереңдігі жарты
метр, кейбір жерде 1,5 метрге болады.

Вот текст к ниму надо детальную информацию отвечает которая на <не?>

ПАЖАЙЛУЙСТА ЧЕСТНО !У МЕНЯ СОР ПО КАЗ.ТИЛИ

ariadnaorekhova ariadnaorekhova    1   04.03.2021 13:42    1

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi