Жеті атаны білу не үшін қажет?​

anna1877 anna1877    2   25.10.2020 12:14    6

Ответы
AzatDit AzatDit  24.11.2020 12:15

Жеті атасын білмеген - жетесіз" дейтін қазақ халқында әр адамның жеті атасын білуі міндет. Текті қазақ халқы жеті атадан аспай қыз алып, қыз бермейді. Себебі жеті атадан тараған ұрпақ бір атаның балалары саналады. Халқымыздың бұл дәстүрі, ұстанымы қан тазалығы үшін маңызды. Сондықтан әр а күнінен жеті атасын жатқа біліп өскен.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
vadimnigamaev vadimnigamaev  24.11.2020 12:15
Жалпы, халқымызда «Жеті атасын білмеген –жетесіз», «Жеті атасын білген жетімдік көрмейді», «Жеті атасын білген ұл жеті жұрттың қамын жер» деген секілді сөздер бар. Ал оның мән-мағынасына тереңдеп үңілдік пе? Ендеше ол туралы бір сәтке ойланғанымыз абзал. Себебі, жеті атаның биологиялық ғылыми негізі бойынша (әке мен шешенің қан тегі ортақ, тең бөлінген жағдайда) әке қаны балаға 50 пайыз, немереге — 25, шөбереге — 12,5, шөпшекке — 6,25, неменеге — 3,125, туажатқа — 1,56, жүрежатқа — 0,78 пайыз даритынын, одан кейінгі сегізінші ұрпақ жекжаттың үлесіне ештеңе тимейтінін білген қазақтың бір кіндіктен тарағандарға жетінші ұрпаққа дейін қыз берісіп, қыз алысуына тыйым салуы туыстық қан араласып тұқым бұзылудан, тектік-генетикалық қасиеттер жойылып, ұрпақтың азғындауынан сақтандыру болатын.
ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi