"жеті ата" туралы ата-анаңмен әңгіме жүргізіңдер,мақал-мәтелдерді қатыстырып,диалог түрінде жазыңдар​

Нияз2014 Нияз2014    2   08.10.2019 14:40    63

Ответы
5class1i 5class1i  11.09.2020 09:54

Жеті ата туралы диалог құрастыру.

Баласы: Әке, жеті ата деген кім? Оларға қандай туысқандарды жатқызуға болады?

Әкесі: Балам, жеті ата – қазақ халқының ежелден келе жатқан шежірелік жүйесі. "Жеті ата" дегеніміз - 1) Бала, 2) Әке, 3) Ата, 4) Арғы ата, 5) Баба, 6) Түп ата, 7) Тек ата.

Баласы: Демек, жеті атаның барлығы да бір кісіден тараған туысқандар дегенді білдіреді ғой?

Әкесі: Ия, дәл солай. Сонымен қатар қазақ халқы жеті атаға дейін қыз алыспайды, осынын есте ұста, балам. Сондықтан болар, халқымыз «Жеті атасын білмеген жетесіз» деген.

Баласы: Жақсы, әке. Есте ұстаймын. Бүгін "Жеті атасын білген ұл, жеті жұрттың қамын жер. Жеті атасын білмеген, құлағы мен жағын жер" деген мақалды естіп, өз жеті атамды білмейтінімнен қатты ұялдым.

Әкесі: Демек, білетін кез келген болар. Онда жазып ал, кейін жаттап аласың. Өзіңнен бастап, жеті атаға дейін таратылады. Еркебұлан – Қанатбек – Тұрсын – Есім – Айдарбек – Қуандық – Тілес.

Баласы: Рахмет, әке. Жазып алдым. Енді жаттап алып, біреу сұрай қалса, біліп жүретін боламын. Жеті атаны әрбір қазақтың баласы білуі керек деп ойлаймын.

Әкесі: Дұрыс айтасың әрбір қазақ жеті атасын білуге міндетті. Бұл – отбасылық тәлім – тәрбиенің негізі.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi