Жер су аттарын катыстырып .менин каламда такырыбына матин курастыру

Андртян Андртян    3   19.09.2019 12:20    4

Ответы

Менің қалам – Шымкент.

Шымкент — Қазақстандағы қала, Республикалық маңызы бар қала, 2018 жылдың 19 маусымына дейінгі Түркістан облысының орталығы.

Тұрғыны шамамен 1 млн адам (2018 жыл). Қазақстанның басқа қалаларымен салыстырғанда тұрғыны жөнінен 2-ші орында (Алматыдан кейін). Осымен қатар, Шымкент Қазақстанның негізгі өнеркәсіп, сауда және мәдени орталықтарының бірі болып табылады.

Елбасымыз Шымкетке кезекті сапарларының бірінде «Шымкент — сәулетті қала. Тарихқа тұнып тұр. Астана, Алматыдан кейінгі Қазақстанның үшінші қаласы — Шымкент дегенді мен бұрын да айтқанмын. Халқының саны бір миллионға жетерлік қаланың көркі бүгінгісінен де көркем болады!» деген болатын. Менің қалам күн санап, көркейіп, үрленіп, әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан өсіп, өркендеп келеді.  

Шырайлы Шымкент қаласы мәдени, тарихи - танымдық орындарға бай. Мәселен, қаладағы «Қасірет», «Даңқ» мемориалдары, «Тәуелсіздік» саябағы, «Шәмші» аллеясы тек мәдени демалыс орындары ғана емес, ұлттық құн¬дылықтарымыздың қадір-қасиетін танытатын, жас ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелейтін бірегей танымдық кешендер. Сондай-ақ, Абай атындағы демалыс және мәдениет саябағы, «Кең-баба» этнография саябағы, Дендро саябақ, зообақ, ипподром бар.

Нағыз қазақилық пен салт – дәстүрдің орталығы саналатын Шымқалада дүниеге келіп, осы қаланың тұрғыны екенімді мақтан тұтамын.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi