Женис такырыбына матин курау.тирек создери: казакстан,боксшылар,серик сапиев,бекзат саттарханов,жену,ту

Milanusia Milanusia    2   17.09.2019 09:40    102

Ответы
olegykoleg olegykoleg  07.10.2020 21:30

Жеңіс.

Елімізде ауыз толтырып айтып, мақтанатындай спортшылар аз емес. Солардың ішінде Бекзат Саттарханов пен Серік Сапиев сынды боксшыларымыздың есімдері Қазақстанның спорт тарихына алтын әріппен жазылды десем, артық болмайды деп ойлаймын, себебі олар Қазақстаннан шыққан Олимпиада ойындарының чемпиондары, көк туымызды желбіретіп, жеңіске жеткен спортшылар.

Бекзат Саттарханов - халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Қазақстанға еңбек сіңірген спорт шебері. 2000 жылы өткен Сидней Олимпиадасының жартылай жеңіл салмақ бойынша чемпионы (57 кг дейін). І дәрежелі «Барыс» орденінің бірінші иегері.

Еліміз Серік Сапиевті де мақтан тұтады. Ол ең танымал боксшылардың бірі, олимпиада чемпионы, халықаралық спорт шебері, Қазақстанның бокс бойынша еңбек сіңірген спорт шебері. Оның есімі Қарағанды қаласында бокс орталығына берілген болатын.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi