Ата мен әже… Жарық әлемнің есігін ашқан әрбір адамға сәбилік сәттен жүрегіне жақын ардақты атау. Асыл дінін сүйген, бабалар дәстүрін дәріптеген әрбір қазақ үшін ықылым заманнан ата мен әже деген – киелі ұғым.
Ақ ниетімен, ақ батасымен айналасын арайландырған, жүрегі махаббат пен шапағаттан жаралған ата мен әже атты абзал жандар – өнегелі өмірдің сыны мен сыры жайлы шұрайлы шежіре шертетін тірі тарих. Өмір атты тынымсыз тіршілікте көңілі таудағы таза ауадай, пейілі дархан даладай, даналығы дариядай қариялар – әулетінің арқа сүйер асқар тауы.