Жазылым Жазылым көлемі 70-80 сөз
Берілген екі тапсырманың бірін таңдап, жазба жұмысын орындаңыз. Жазба жұмысында сөздерді үндестік заңына сәйкес орфографиялық нормаға сай жазып, қосымшаларды дұрыс жалғаңыз, сөйлем соңында қойылатын тыныс белгілерді орынды қолданыңыз, тақырыпты өмірмен байланыстырыңыз, сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтай отырып, жай сөйлемдер құрастырыңдар.
1. «Қазақ ұлттық қолөнері». Қазіргі кезде көпшілік қазақ ұлттық қолөнер бұйымдарына қызығушылық танытуда. Қазақ ұлттық қолөнеріне нелер жатады? Оларды неден дайындап, қайда қолданады? Ол бұйымдарды кімдер жасайды? Ойыңызды эссе түрінде жазыңыз.
2. «Саяхат және туризм». Сіз саяхаттағанды өте жақсы көресіз. Биыл жазда да еліміздің көптеген аймақтарына саяхат жасадыңыз. Саяхат өте тамаша болды. Сол уақытта қандай көрікті жерлер көрдіңіз? Қандай қызықты оқиғалар болды? Ойыңызды сипаттама мәтіні түрінде жазыңыз.
3. «Абайды оқы, таңырқа!» Сіздер сабақта Абайдың табиғат лирикасымен таныстыңыздар. Абай табиғаттың ерекшеліктерін қалай берді, қанадай эпитет, теңеулер қолданды, өлеңдерін оқып отырып табиғатты көз алдымызға елестете алдық па? Әңгіме құрып, жазыңыз.