Жазылым Туризм - біздің еліміз үшін дамып жатқан жаңа бір сала. Қазақстанның туризмінің қазіргі жагдайы мен дамытудың тиімді жолдары қандай? Берілген суракка жауабынызды көрсетiп, шагын эссе жазыныз. Сөздерді орфографиялык нормага сай жазып, косымшаларды дурыс жалғаныз. Колөнердін түрлерін сипаттауда тенеу, эпитеттерді пайдаланыңыз. Себеп-салдарлы катынасты бiлдiретiн жалғаулыктарды, сөйлем сонында койылатын тыныс белгiлердi орынды колданыңыз. (10-15 сейлем) [2]
Елімізде туризмді дамыту – мемлекеттік саясаттың басым бағыты. Туризмді дамыту арқылы Қазақстанның экономикалық жағдайын жақсартып, бірқатар әлеуметтік мәселелерді шешуге болатыны да белгілі. Қазақстанда туризмді дамыту үшін барлық қажетті мәдени, тарихи, географиялық және климаттық жағдайлар жеткілікті. Тәуелсіздік алған соң мәдени және тарихи құндылықтарды жаңартуға бағытталған бұл саланы дамытуға алғышарттар жасалды.
Қазақстанның туристік әлеуетін арттыру мақсатында елімізде «Қазақ туризм» ұлттық компаниясы құрылды. Аталмыш компанияның алғашқы міндеті – еліміздің туристік әлеуетін шетелде насихаттау болса, екіншісі – осы салаға инвестиция тарту. «Қазіргі кезде көптеген шетелдік инвесторлар Қазақстанның туристік саласына инвестиция салуға мүдделі. Себебі Қазақстанның табиғи ландшафты ерекше және ең бастысы – бізде қауіпсіз және халықаралық тәжірибе бар. Барлық белді мемлекеттерде туристік компаниялар бар», – деді жаңа компания туралы ақпарат берген Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы. «Қазақ туризм» компаниясы алдағы уақытта еліміздегі өңірлердің ерекшелігін ескеріп, аймақтық имидж қалыптастыру және маркетинг жұмыстарын жүргізу ісін қолға алады. Сондай-ақ, қай облыста қандай демалыс түрлері ұйымдастырылатынын және қандай туристік бағыт болатынын белгілеумен айналыспақ.
Туризм саласы – Қазақстан экономикасындағы қарқынды салалардың бірі. Халықаралық сарапшылардың пікіріне сүйенсек, қазіргі кезде туризм әлемдік экономикадағы қарқыны төмендемейтін саланың біріне жатады. Туризм көп елдерде жалпы ішкі өнімнің қалыптасуына, қосымша жұмыс орнын қалыптастыруға, сыртқы сауда балансының белсенділігіне ықпал етеді. Соңғы жылдары туризм әлемдегі ең табысты бизнестің біріне айналып үлгерді. Туризм саласының жылдан-жылға маңызы артып, халықаралық байланыста және валюталық түсім көзі ретінде көп мемлекеттер аталмыш салаға баса назар аударуда. Міне, сондықтан, Қазақстан туризм саласын дамытуға ерекше назар аударып, еліміздің туристік әлеуетін қуаттандыру үшін нақты шараларды жүзеге асыруға тырысуда. Маусым айында басталған халықаралық ЭКСПО көрмесі осы міндеттерді жүзеге асыруға үлкен үлесін тигізетіні сөзсіз. Халықаралық көрмені бір айдың ішінде ел азаматтарымен бірге шетелдік турист, еріктілерді қосқанда 5 миллионнан астам адам тамашалап үлгерген.