Жазылым тапсырмалары
1. «Қожа бізге үлгі бола ала ма?» тақырыбында эссе жазайық.

jamashkinpavel jamashkinpavel    1   04.02.2021 12:56    10

Ответы
mark123445 mark123445  06.03.2021 12:56

Қазақ балалар кино қоржыны асып-тасып кетпесе де, «Алты жасар Алпамыс», «Менің атым-Қожа» сынды бірегей кинофильмдер бар екені көңіл қуантады. Бұл сөз болған балаларға арналған фильмдерді тамашаламаған жан кемде кем.

      Баршамыздың балалық шағымыздың төрінен ойып тұрып орын алған «Менің атым-Қожа» фильмі теледидардан қарағанда екі сағаттық фильм,шындығында бүтін бір кітап. Сценарийінің авторы-Қожаберген, яғни, өмірдегі прототипі-Бердібек Соқпақбаев.Соңғы кездері көк жәшіктен көрсетпей кеткен фильмді «қағаз нұсқасында» оқып шықтым. Оқиғаны тұтастай оқып шығу, теледидардан көргендей емес екен. Ерекше әсер қалдырады. Көрерменге Қожа сотқар,тәртіпсіз тек фильм соңында ғана қателігін ұғынған бала болып көрінуі мүмкін. Алайды,Қожабергеннің фильмнен тыс ерекше қасиеттері бар екен. Оларды былайша тізбелеуге болады: 

                      Қожаберген-лирик,романтик,патриот.

     Неге мұндай мінездеме бергенімді білгіңіз келе ме?! Бұған Қожатай өзі жауап берсін: «-Мен табиғатты сүйем. Мен шынайы поэзияны сүйемін. Абай мен Қасымды қанша оқысам да менің сусыным қанбайды. Мен Құрманғазы мен Дәулеткерейдің күйлерін тыңдағанда өз-өзімді ұмытып кетемін. Махамбет жырының әр сөзінен қылыш үндерін естігендей боламын. О,қасиетіңнен айналайын,қазақ жері. Осының бәрі сенің топырағыңда өсіп-өнген кереметтер емес пе?!». Мінекей,біздің Қожа елі мен жерін,атамекенін шексіз сүйеді.

 

                                      Қожа-ақын.

                          ( Баланың алғашқы жыры)

      Бала Қожаның ғашығы бар. Ол-Жанар ғой,әрине. Жанарды сағынып,бір сәтке ақын да болып үлгерді. Оған Қожаның мына сөздері дәлел: «Келші бермен,шабытым! Қайдасың?! Кеудем толы сезімді сүйкейін жыр етіп. Жырымның тақырыбы-Жанар. Жол ортасына әдемілеп «Жанар,сені сағындым» деп жазып қойдым. Бірінші шумақ көкейімде күндізден бері сайрап жүр еді,мөлдіреп түсе қалды заматта:

                       Жанар,сені сағындым,

                       Келші,келші тезірек.

                       Жатпай-тұрмай ойлаймын,

                       Іші-бауырым елжіреп.

Бірнеше қайталап оқимын. Жаман шықпаған тәрізді.». Иә,Қожаберген,меніңше де жаман емес.

Міне,әр дүние түпнұсқасында құнды,түпнұсқасында қызықты.   Дүниеге келгеніне 90 жыл толған біртуар жазушының сөнбес жанартау іспеттес.

Ал сіздіңше,Қожаберген қандай бала??!

Ақпарат дереккөзі: https://massaget.kz/blogs/10560/

Объяснение:

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi