ЖАЗЫЛЫМ
-тапсырма.
Жұптық жұмыс. «Хабарландырулар бәсекесі!» ойыны. 10 күннен кей
ін сыныптарыңда наурыз тойы өтеді. Сол той туралы хабарланды-
ру жазыңдар. Хабарландыру – құжаттың бір түрі. Сондықтан оны
жазудың талаптары мен тұрақты құрылымы болатынын ескеріңдер.
Хабарландырудың құрылымдық-мазмұндық жүйесі:
• құжаттың аты (ірі әріптермен, көрнекі етіп жазылады);
• Іс-шараның өтетін уақыты (жылы, айы, күні, сағаты);
• Іс-шараның өтетін орны;
• Іс-шараның атауы;
• Іс-шараның бағдарламасы;
. Іс-шараны ұйымдастырушылар туралы мәлімет.
Ескерту: Наурыз мерекелік шара болғандықтан, оның қағазы түрлі түсті болып,
іс-шараның ерекшелігіне қарай безендірілгені дұрыс.
Сынып «ең үздік хабарландыру» жазған жұпты анықтасын.