Жазылым Тақырыптар: 1. «Қазіргі жаһандану заманында үш тілді білу - міндет»
2. « Экологиялық сауатты калай түсінемін?»
3. «Уақыт – әркімнің өмірлік капиталы»

надо

CockDown CockDown    2   26.10.2020 13:59    2

Ответы
melenam08041974 melenam08041974  25.11.2020 13:59

А берілген баға жетпес құндылықтардың бірі-уақыт.

Бүгінгі күні дамыған өркениетті елдерге бара қалсаңыз, кез-келген адамның осы уақыт мәселесіне келгенде тым сараң екенін байқайсыз. А уақыттан ұтылған жағдайда көп нәрседен қағылатынын жақсы біледі.

Тіпті қалалардағы автобус пен көлік аялдамаларынан жүру мезгілдерінің «15:05», «13:15», «20: 12» сияқты әрбір минутқа дейін есептеулі екенін байқап, таң қаламыз. Көліктері де сол белгіленген уақыт ережесінен бір минут озбайды.Біздерден сағат сұрағанда « Тоғыздан он бес минут кетті » десең, «Е, тоғыз жарым десейші» дей салатын уақытқа деген тым ысырапшыл түсінік оларда жоқ.

Уақыт-бір орталықтан бастау алатын және мәңгілікке созылған спираль тәрізді. Біз ауқаттанған кезде астың дәмінен ләззат алып, оның пайдасын көреміз. Уақыт та сол сияқты: сәттерін, минуттарын, күндері мен апталарын қаншалықты тиімді пайдалансақ, соншалықты ләззат аламыз, оның өтіп, оралмасқа кеткенін қаламаймыз. Өмір ләззаты мен қуанышы сезіліп, әрбір күніміз бен келешегімізге үміт отын сыйлаған кезде, қаншалықты көз тоймас нығмет болса да, егер оны ойланбай өткізсек, оның адамның иығына артылған ауыр жүктен ешқандай айырмашылығы болмайды.Уақыт – адам өмірінің ақшалай құны. Уақыт – әркімнің нақтылы өмірлік капиталы.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi