Жазылым Төменде берілген тақырыптардың біріне тиісті құрылым мен стильді (ресми, бейресми)
қолдана отырып, жазба жұмысын ( мақала, әңгіме немесе хат) жазыңыз. Шамамен
150-200 сөз болуы тиіс. [7]
1. Өзіңіз куә болған мерекелік шараны есіңізге түсіре отырып, «Өнерлі өрге жүзер»тақырыбында жаңалық жазыңыз.
2. «Өмірде шынайы, өзіңе серік болатын дос табу қиын» деген пікірмен келісесіз бе? Өз ойыңызды жазыңыз.
көмектесіндерші өтініш койдым
Әр адамның өзінің бойына ерекше біткен таланты болады. Соның бірі - өнер. Әсем әуенмен ән айту, тал шыбықтай мың бұралып би билеу немесе нақышына келтіріп күй тарту кез-келген жанға бұйыра бермейді. Біздің сынып тағы Айжан мектептегі барлық шараларда «Біз бақытты балалар» әнімен танымал болса, Анель бишілік өнерімен Республика көлеміндегі сайыстарға қатысып, өзінің сүйікті билерімен көпшіліктің көңілінен шығып жүр. Айгерім де екі жылдан бері мектептегі «Эстрада жұлдыздары» үйірмесіне қатысып, мектепішілік концерттерде ән айтса, Мадина «Жас толқын» би үйірмесінің белсенді мүшесі. Қолөнерге қызығатын оқушыларымыз да аз емес. Бұлар біздің сыныптың мақтаныштары. Мен өз сыныптастарыммен мақтанамын. Олардың келешекте елімізге қызмет ететін азамат болатынына сенімім мол. «Өнер – ағып жатқан бұлақ, ғылым жанып тұрған шырақ» деп халқымыз тегін айтпаған болар.
Объяснение: