Жазылым Төменде берілген екі тақырыптың бірін
таңдап, жазба жұмысын орындаңыз.
Жазылым жұмысында тақырыптан
ауытқымай, абзац түрлерін жүйелі
құрастырып, көркемдегіш құралдарды
орынды қолданып, тақырып бойынша жеке
сөздер, бірге, бөлек және дефис арқылы
жазылатын сөздерді орфографиялық
нормаға сай жазыңыз.
1. Мүшел жас -қазақ халқының адам жасын
есептеу үлгісі. Дәстүрлі қазақ қоғамында
баланың 13 жасқа толуы алғашқы мүшелі
деп саналады. Сенің ағаң не әпкең 13 жасқа
толғалы отыр, сол себепті оның туған
күніне арнап құттықтау хат жазыңыз.
2. Қазақстанның кез келген көрікті жерін
суреттеп, шет елдік досыңызға хат
жазыңыз.
/Сөз көлемі 60-70 сөз/