Жазылым Оқушылар екі сұрақтың (тақырыптың) біреуін таңдайды.
Жазба жұмысын (мәтін) орындаңыз. Орфографиялық нормаға сай жазыңыз.
Мәтіннің көлемі: 50-60 сөз
I
1) «Үш тілді меңгеру» – еркіндіктің, бүкіл әлем бойынша жүріп-тұрудың
кепілі» тақырыбында мектеп журналына ойыңызды сипаттап жазыңыз.
2) Беташар – қазақтың келін түсіргенде жасалатын салтының бірі. Дәстүрлі
беташар, әдетте, тойға жиналған халық тарқар кезде өткізілген.
«Беташар» салты туралы не білесіз? Мәтінде аргументтер келтіре
отырып, ойыңызды сипаттап жазыңыз.​

beginfiu beginfiu    2   26.10.2020 10:42    2

Ответы
nvede nvede  25.11.2020 10:43

Беташар — қазақтың келін түсіргенде жасалатын салтының бірі. Дәстүрлі беташар, әдетте, тойға жиналған халық тарқар кезде өткізілген.

Шымылдық ішінде отырған келіннің басына орамал жауып, той өтіп жатқан үйдің ең жақын, үлгілі келіндері екі жағынан қолтықтап алып шығады. шаңыраққа жаңа түскен келінге ата-енесін, үй-ішін таныстырады, қандай туысқандық жақындығы бар екенін, беделін, қадір-қасиетін шебер тілімен жеткізіп, әрқайсысына жеке-жеке сәлем жасатады. Сәлем алған адам жас келінге беретін сый-сыяпатын атайды.Беташар айтылып болған соң сол үйге туыс жасы үлкендер, көрші-қолаңдар жас келіннің қолынан “шәй ішу” рәсімін өткізген. Бұл кезде жас келінге өзіне тетелес сол үйдегі не жақын абысыны көмекке келген. Абысын-ажын арасындағы болашақ татулық осы арадан басталған. Осы бірінші дастарқан үстінде келіннің жүріс-тұрысына, мінез-құлқына, т.б. назар аударылып, ол алғашқы сыннан өткен. Соңынан жасы үлкен, халыққа қадірлі қария келінге бата берген. Қазақтың беташар салты жаңа заманға да бейімделіп, жалғасын табуда. Қазіргі кезде беташар салты той асының алдында өткізіліп жүр.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi