Жазылым Берілген мәтінді мұқият түсініп оқыңыз. Оқу барысында мәтіндегі маңызды ақпараттарды белгілеп отырыңыз. Кестенің екінші бағанына белгіленген ақпараттарды қолдана отырып, мәтін мазмұнын жинақтап, өз сөзіңізбен жазыңыз (50-55 сөз). [10]

Итаяқ

Бір жігіттің әбден қартайған қарт әкесі бар екен. Ол тамағын ішкенде қолдары дірілдеп, алдына төгіп-шашып алатын көрінеді. Қайталана беретін болған соң әлгі жігіт әйелімен ақылдасып, үлкен кісіні дастарқаннан аластатып, тамақты пештің қуысына апарып беретін болған. Алдына шағын итаяқ астау қойған да, тамақты соған құя салады екен.

Бір күні үй иесінің он жасар баласы қолындағы пышақпен әлдебір ағаш жонып жатады. Жігіт таңданып:

- Балам, мына істеп жатқаның не? – деп сұрайды.

- Бұл – итаяқ, - дейді бала.

- Оны не істейсің?

- Әке, сіз қартайғанда ана қуысқа апарып тығамын да, осы итаяқпен тамақ беремін, - депті баласы.

Сол кезде үй иесі өз ісінен қатты ұялып, әкесін пештің қуысынан шығарып, дастарқан басына қайта отырғызыпты. ( М.Тоқашбаев)

ЭТО ТЖБ

Map21 Map21    1   28.10.2020 08:55    10

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi