ЖАЗЫЛЫМ ақын
8
-тапсырма.
Ілияс Жансүгіров туралы қосымша
мәлімет жина. «Ол кім? Ол - қандай
ақын? Ақынның атымен аталатын қандай
елді мекендер мен орындарды білесің?»
деген сұрақтарға жауап беріп, диаграм-
маны толтыр.
Ілияс
Жансүгіров
Талаптар:
1. Келемі -- 4-6 сейлем:
2. Сын есімдерді жиі пайдалан;
3. міндетті түрде жаңа сөздерді қолдан.
Кластер​

matv matv    2   01.02.2021 16:48    1

Ответы
nastosetrova2 nastosetrova2  03.03.2021 16:51

Ілияс Жансүгіров.

Қазақ поэзиясының құлагері, "үш бәйтеректің" бірі, ақын, прозаик, драматург, сатирик, қоғам қайраткері, өнертанушы Ілияс Жансүгіров 1894 жылы Алматы облысының Ақсу ауданының төртінші ауылында дүниеге келген.

Ілияс поэзиясы - қазақ әдебиетінің байлығы. Ілияс Жансүгіров өз шығармаларында адамгершілік пен ұлттық болмысты насихаттауға бар күш - жігерін салған.

Ілияс Мәскеуде білім алған қазақтар арасындағы алғашқы кәсіптік журналист болған еді.

Ілияс Жансүгіров - қазақ әдебиетінің барлық жанрларында қалам тартып, елеулі туындылар берген әмбебап дарын. Кемеліне келіп, ақындық бәйгесінде арындап алға шыққан шағында Ілияс та тоталитарлық жүйенің құрбаны болып, мұрттай ұшты. Әйтсе де әмбебап дарын айналасы 10 жылда проза мен драматургияда, әсіресе поэзияда әдебиетіміздің алтын қорына жататын айтулы туындылар беріп, артына аса мол көркем мұра қалдырды.

Біртуар дарын иесінің атын есте қалдыру мақсатымен Алматы облысының орталығы Талдықорған қаласында Жетісу мемлекеттік университеті, мәдениет сарайы, мұражай, көше, аудандарға Ілияс Жансүгіров есімдері берілген.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi