ЖАЗЫЛЫМ 4-тапсырма. Мәтіндегі ақпаратты диаграммаға түсір. Тыныс бел- гілерінің қойылу себептерін түсіндір. Рейхстаг түбіндегі ұрыстарда қазақстандықтар Нығмет Науке- нов, Әлімқұл Жылқыбаев, Павел Василевский, Алексей Ковалев және басқа да жауынгерлер ерлік көрсетті. Мысалы, Төлеухан Шайділдинов Рейхстаг қабырғасына былай деп жазып кетіпті: «Мен – қазақпын, Қазақстаннан келдім. Қан майданда жүріп, Мәскеуден Берлинге де- йін жеттім. Рейхстагқа шабуыл жасап, жеңіске жеттік. Шайділдинов Төлеухан». Нұркен Әбдіров 16 рет әуе шайқасына қатысып, фашистердің 12 танкісін, 28 жүк автомобилін, оқ-дәрі тиеген 18 мәшинесін, жанар- май құйылған 3 цистернасын, 3 зеңбірегін жойып, 50-ден астам неміс солдаты мен офицерін жер құштырған. Н. Әбдіров жаудың Сталин- град шебіне енетін Боков-Пономаревка ауданындағы қорғаныс бекінісі мен шоғырланған танкілерін жою үшін әуеге көтеріледі.