ЖАЗЫЛЫМ 3-тапсырма. Мәтіндегі шылаулардың қандай қызмет атқарып тұрғанын
түсіндір.
Мен әдеби кітаптарды көп оқимын ғой. Сонау, XVIII-XIX ғ.
жыраулардың, ақындардың өлең-жырларын оқып отырып таңғала-
мын. Қазақ тілінің ауқымы қаншама десеңізші?! Күнделікті тұрмыс-
та пайдаланудан шығып қалған сөздерді есептесек, қазір он миллион
қазақ сөзі бар екен. Ондай сөздік қор немістерде де, орыстарда да,
ағылшындарда да жоқ. Соны бірақ қазақтардың өздері де біле бер-
мейді. Олардың тілінің керемет байлығы екендігін. Таяуда маған бір
қазақтың жігіті келді. Жасы отыз екі-отыз үштерде. Үлкен қызметтегі адам.