Жазылым 2-тапсырма. Мәтіннен ең маңызды 5 тірек сөзді жазыңыз.
текст:
Қазіргі техниканың дамыған кезінде тұрмыстық қажеттілікті электр энергиясынсыз елестету мүмкін емес. Электр қуатын үнемді пайдалану әр адамның міндеті деп санаймын.
Бүгінде электр шамдар көп кездеседі. Қарапайым шамдардың орнына энергия үнемдеуші шамдарды қолданған жөн. Өйткені энергия үнемдеуші шамдар қарапайым шамдарға қарағанда электр қуатын 5-6 есеге аз тұтынып, бірдей жарық береді. Сонымен қатар, энергия үнемдеуші шамдардың пайдалану мерзімі қарапайым шамдармен салыстырғанда сегіз есеге артық. Энергия үнемдеуші шамдар электр қуатын 80 пайызға жуық үнемдейді.
Қарапайым шамдардың қуаты 100, 120, 150 вт. Бұл шамдар жарық берумен қатар өз бойынан жылу мөлшерін көп шығарып, өрт қауіпсіздігіне кері әсерін тигізеді. Қуаты жоғары болғандықтан шам қондырғылары тез істен шығады. Тұтынушы жарықты үнемдеу үшін төменгі қуатты диодты шамдарды пайдалануға тырысады. Диодты шамдар істен шыққан жағдайда, арнаулы орындарға өткізілуі тиіс.. Диодты LED шамдарды қолдана отырып, электр энергиясын да, отбасы бюджетін де үнемдеуге болады.