ЖАЗЫЛЫМ 14-тапсырма. Мәтін үзіндісінде берілген пікірді дәлелдеп,
жер-жердегі достарына хат жаз.
Алатау мен Алтайда тау шаңғысы жолдары жұртқа мен
мүндалап тұрады. Мәселен, Шымбұлақ базасына барып, бір
мәрте шаңғы теуіп қайтуға барша жұрт құмар. Спорттың осынау
қиын түрін ұнататын жүздеген, тіпті мыңдаған жас бұл жерлерге Қазақстан түгіл, күллі әлемнің түкпір-түкпірінен жиналады.
Ересектер шаңғы тепсе, балалар шанамен сырғанайды.