Жазылым [10] «Біздің спорттағы чемпиондар» деген тақырыпта 120 сөзден тұратын эссе
жазыңыз.

vladkrikoff1 vladkrikoff1    3   12.03.2021 14:15    0

Ответы
Soulwax Soulwax  11.04.2021 14:15

Елімізде ауыз толтырып айтып, мақтанатындай спортшылар аз емес. Солардың ішінде ең алдымен Александр Винокуровты атап айтып келеді. Ол - Қазақстанның және Астана Pro Team велокомандасының ең белгілі велошабандозы, «Vino» (Вино) деген атпен белгілі. 2012 жылғы Лондондағы XXX жазғы Олимпиада ойындарының чемпионы, Сидней Олимпиадасының вице чемпионы, әлем біріншілігінің қола жүлдегері, «Вуэльта» көпкүндігінің (2006 жыл) жеңімпазы. Оның есімі Қазақстанның спорт тарихына алтын әріппен жазылды десем, артық болмайды деп ойлаймын, себебі ол Қазақстаннан шыққан Олимпиада ойындарында алтын иеленген тұңғыш велошабандоз.

Еліміз Серік Сапиевті де мақтан тұтады. Ол ең танымал боксшылардың бірі, олимпиада чемпионы, халықаралық спорт шебері, Қазақстанның бокс бойынша еңбек сіңірген спорт шебері. Оның есімі Қарағанды қаласында бокс орталығына берілген болатын.

Бұл ретте Илья Ильинді атамай кету мүмкін емес. Қазақстанның есімін бірнеше дүркін әлемге танытқан әйгілі спортшы. Ол - Қазақстандық зілтемірші (ауыр атлет). Қазақстандық тұңғыш олимпиада ойындарының екі дүркін чемпионы (2008, 2012), әлемнің төрт дүркін чемпионы (2005, 2006, 2011, 2014) және Қазақстан чемпионы. Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері.

Әрине, спортшылар тізімі осымен шектелмейді, бірақ өзім осы тұлғаларды ерекше мақтан тұтамын

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi