Жазғытұры
(үзінді)
Жазғытұры қалмайды қыстың сызы,
Масатыдай құлпырар жердің жүзі.
Жан-жануар, адамзат анталаса,
Ата-анадай елжірер күннің көзі.
Түйе боздап, қой қоздап — қорада шу,
Көбелекпен, құспенен сай да ду-ду.
Гүл мен ағаш майысып қарағанда
Сыбдыр қағып бұраңдап ағады су.
Ай, жұлдызға жылы жел хабар беріп,
Жан-жануар қуанар тойға елерiп.
Азалы ақ көрпесін сілке тастап,
Жер күлімдер, өзіне шырай беріп.ОПРЕДЕЛИТЕ ГЛАВНУЮ МЫСЛЬ СТИХОТВОРЕНИЯ

Ķрičтina Ķрičтina    1   05.05.2020 11:29    1

Ответы
bockovickof bockovickof  14.10.2020 07:20

Бұл жерде жаз туралы айтылған. Жазда табиғат қандай әдемі болатыны туралы айтылған. Неше түрлі теңеулермен жазылған. Жан-жақтың бәрі у-шу болады, жануарлардың даусы жан жақтан шығып тұр.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi